$543.24 €619.89 ₽6.78
×

Мәжілісмендер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысын сынға алды

AstanaTV
01.07.2015ж. 20:00
1068
Мәжілісмендер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысын сынға алды

Мәжілісмендер Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысын сынға алды. Бүгін «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов Үкімет басшысынан аталған банкті жөнге салуды сұрап, депутаттық сауал жолады. Айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі халықтың өз бидайын өзіне қуырып беріп отыр. Жүз пайыз үкіметтің қатысуымен құрылған қаржыландыру ұйымы өзінің басты міндетін, ұмыт қалдырған,-деп ашынады депутат. Мәселен, ең тиімді деп есептелетін «Бастау бағдарламасы» бойынша  100 мың АҚШ долларына баспана алсаң, банк берген несиенің үстіне 3,1 млн теңге қосып қайтарасың. Ол үшін алғашқы 3 жыл бойына ай сайын 320 мың теңге банкке төлеуге тиіссің. Мұнша қаражатты екінің бірінің қалтасы көтере бермейтіні белгілі. Коммунистің айтуынша, сондай-ақ, баспаналы болу үшін, пәтер құнының жартысына тең қаржыны жинау жөніндегі шарт та көпшілікке қиынға соғуда,- дейді депутат. Оған қоса, тұтынушы баспана құнының 50 пайызын банкке өзі құйса да, жылдар бойы пайыздық үстеме ақы 100 пайыз сома үшін өндіріледі. Демек, тұтынушы өз ақшасы үшін, өзі пайыз төлейді, - деген сөз. Өмірзақов Үкімет басшысынан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің шарттарын қайта қарастыруды сұрады.

Тұрсынбек Өмірзақов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХКП  фракциясының мүшесі:

Дүние жүзінде 10 пайыз жинайды сосын кредит береді, біз 50 пайызын жартысын жинаймыз. Бір 20 пайызға жинасақ жақсы болар еді. Біздің премьер-министрден сұрағаным соны азайт деп. Сенің, менің ақшамды жинап үшінші кісіге береді. Үкімет оған ақша беріп жатыр. Оны деге дұрыстап ұқыптап бермейді. Неге пайыздарын көбейтеді.

Мөлдір ДЮСЕКИНА