Жамбыл
облысы Жамбыл ауданының 44 жастағы тұрғыны қанды қырым безгегінен қайтыс болған. Бірақ марқұмның бұл кеселді
қайдан жұқтырғанын дәрігерлердің өзі түсінбей отыр. Аталған ауданның Шайдана
ауылында тұрған Мұхтар Олжатаев,
22-маусым күні өзін жайсыз сезініп, жедел-жәрдем көмегіне жүгінген.
Марқұмның зайыбының айтуынша, дәрігерлер науқасқа «ангина» деп диагноз қойып,
оны емдеген. Арада 4 күн өткеннен кейін ғана, ақ халаттылар Мұхтар Олжабаевқа
«конго-қырым геморрагиялық қызбасы» деген екінші диагноз қойыпты. Алайда, 3
күннен кейін, науқас көз жұмған. Марқұмның туыстары, дерттің дендеуіне
дәрігерлер кінәлі деп отыр.
Құрма
Әбілқайырова, зайыбы:
Бір
күнде екі қайтара скорый шақырған. Сол қайта ангина деп обезбаливающий салып
кеткен. Түннің бір уағында қайтадан шақырттық, ол кезде тағы да солай болды.
Содан дүйсенбі күні азанда өз аяғымен больницаға барды. Сол кезде «ангинадан»
деп инфекционныйға жатқызды.
Ал,
ауруханада көз жұмған науқастың өліміне дәрігерлер өздерін кінәлі деп санамайды. Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау
басқармасының басшысы Ерлан Масалимов, науқастың бастапқыда ангинамен ауырғанын
айтады. «Одан жазылды, тек безгекті қайдан жұқтырғанын білмейміз», - дейді.
«Кесел әдетте кенеден келетін, бірақ марқұмның денесінде кененің шаққан жері
табылмағанын», - айтады. Сондықтан,
қазір дәрігерлер үшін науқастың ағзасында қанды қырым безгегінің белгілері
қайдан жүргені құпия болып тұр.
Нұрлан
Масалимов, Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Ол
жерде инфекционный больницада жатты. Ол жерде мүмкіндік жоқ. Ол жерде ондай
күдікте қойған жоқ. Ангина деп емделген. Екі күнде дұрыс емдеді, дұрыс қарады.
Біз білмейміз, қазір қай жерде клещ тістеді ме, тісеген жоқ па? Бірақ, денесін
қарағанда ондай жоқ.
Данияр
ӘЛІМҚҰЛОВ