Ресейді шегіртке жайлап барады. Мыңдаған гектар
жердің сау-тамтығын қалдырмаған шегірткенің жолындағы Орынбор облысы мен
Башқұртстанның жағдайы қиын. Бүгінде бұл аймақтарда шегірткенің кесірінен
төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды жергілікті БАҚ өкілдері. Қазір
Ставрополь өлкесі мен Шешен Республикасы қамданып, далалық алқаптарды дәрілеу
жұмыстарына кіріскен. Тіпті бұл іске авиация да жұмылдырылған. Алайда, әзірге
бұдан нәтиже болмай тұр. Өйткені, шегіртке даланың уланғанына да қарар емес. Ал
жойылған 60 гектар алқаптағы бидайдың құны миллиондап саналады. Шегірткеден
қорыққан шаруалар шөпті ертерек оруға кіріскен. Алайда, игерілмей бос жатқан
алқаптар дәріленбеген. Осыны пайдаланған шегірткелер иесіз жатқан сол жерлерді
жайлап, емін-еркін көбеюде. Айта кетелік, аналық шегіртке екі мың жұмыртқа сала
алады екен.
Еркін КАРИН