Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстан 200 мың шетелдік студентті оқытуға қауқарлы - Т.Сүлейменов

AstanaTV
15.08.2017ж. 20:00
1908
Қазақстан 200 мың шетелдік студентті оқытуға қауқарлы - Т.Сүлейменов

Қазақстан тауар ғана емес, қызмет түрлерін да экпорттай бастайды. Бүгін Ұлттық экономика министрі Үкіметте жаңа экпорттық стратегияны таныстырды. Оның айтуынша, бүгінде отандық өнім 117 мемлекетке саудаланады. Жалпы әлемдік рейтингте 0,23 пайызбен 52-орында. Экспорттың 63 пайызы соңғы 10 жылда Италия, Қытай, Нидерланды, Ресей, Франция мен Швейцария секілді алты елге бағытталған. Ол негізінен өңделмеген шикізат. Ал оған сұраныс жылдан жылға төмендеп барады. Сондықтан жаңа экпорттық стратегияда қызмет түрлерін дамытуға ден қойылмақшы. Соңғы он жылда ол екі есеге өскен. Былтыр 6 млрд теңге табыс түсті.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Қызметтерді экпорттау ішінде транспорттық қызметтер басым. Артықшылығы - біздің экспорттық әлеуетіміздің артқаны, ал кемшілігі - басқа салалар экспорттық нарықта өз деңгейінде дамымай жатыр.

Стратегияда туризм, транспортық қызметтер, білім және медицинаға басымдық беріледі. Министрдің мәліметінше, Қазақстан 200 мың шетелдік студентті оқытуға қауқарлы. Транспорттық әлеует - Қытайдан Еурапаға қарай жүк тасымалы. Сондай ақ, ғарыш саласы өнімдері, жеңіл өнеркәсіп және азық-түлік экспорты да жолға қойылмақ.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ