$543.24 €619.89 ₽6.78
×

1-шілдеден бастап Астана телеарнасы жаңа телехикаяны көрермен назарына ұсынады

AstanaTV
01.07.2015ж. 13:00
4081
1-шілдеден бастап Астана телеарнасы жаңа телехикаяны көрермен назарына ұсынады

Астана телеарнасы 1-ші шілдеден бастап назарларыңызға Үндістанның ең үздік телехикаяларының бірін ұсынады. Қазақ көрерменінің сүйікті сериалына айналған «Қыз ғұмыры» сияқты «Мадхубалада» Болливудтық туындыларды үзбей қарайтындардың көңілінен шығары анық. Өйткені екі сериалдың да өндірушілері бір. Екеуі де Үндістан кино индустриясының үздік 5-тігіне енген. Сондықтан жаңа махаббат хикаясының сапасына күмәнданудың қажеті жоқ. Мадхубала! «Бір махаббат-бір бейне». Бұл - табиғаты тазалықтан жаралған, үнді актрисасы туралы телехикая. Мұнтаз бегім Джахан есімді актрисаның қиын да, қызық, шытырман оқиғаларға толы ғұмыры бейнеленеді. Оның лақаб аты -Мадхубала болған. Миллиондарды тамсандырған актриса 31 жасында қайтыс болады.Алғашында ол туралы толықметражды фильм түсірілген. Кино ең жоғары рейтингтерді бағындырған соң сериал түсіріп, көрерменге ұсынылды.

Сәуле Күдерина, дубляж режиссері:

Телехикая болғанына қарамастан экшн дейміз ғой, сол арасында кездеседі. Өйткені тек қана сөзге құрылған емес, әрекет те көп мұнда. Тартыс та сезім де, әдемі сазды музыка, би, ән көріністері бар.Ойын көріністері бар. Халықтың салт-санасы, дәстүрі, әдет құрпы бәрі көрсетіледі.Сондықтан бұл біздің көрерменімізге қызықты болады деп ойлаймын.

Қызық болатыны анық, өйткені мұнда көрермен қызыға тамашалайтын махббат үшін күрес майданы көрсетіледі. Камера алдында, жұрт назарында болған Мадхубала мінезі өзіне мүлде қарама қайшы, жұлдыз ауруына ұшыраған теле жүргізуші жігітке ессіз ғашық болып қалады. Ару қыз махаббаты үшін күресуден де танбайды.Мадхубаланы, Қыз ғұмыры телехикасының өнідірушілері түсірген. Ол Үнді сериалдарының үздік бестігіне кіреді.

Қатира Қабылова, «Астана» телеарнасының бас продюсері:

Үнді сериалдары жоғары рейтингтерге ие. Соның ішінде рейтінгі номер бірінші сериал деп Қыз ғұмырын айтуға болады. Енді біз ұсынғалы отырған жаңа үнді сериалы дәл осындай бізге Рейтинг әкеледі деген үміттеміз. Өйткені біз іріктеу жасау барысында Мадхубаланың Үндістанда өз елінде ең мықты сериалдардың бірі ретінде алынған болатын.

Бұл сериал өз отанында да көрерменнің ыстық ықыласына бөленген.Тіпті әртістерді қазақша сөйлетіп жатқан «Астана» арнасы дубляж бөлімінің мамандары да мұндай қызық үнді сериалы болмаған дейді.

Ислам Зейноллаев, дубляж актері:

Оның ішінде махаббат та, оның ішінде сатқындық та, жауыздық та, мейірімділік те барлығы бар. Ол сонысымен қызықты.

Мадхубала сериалы 1-ші шілдеден бастап көрерменге жол тартады. Күн сайын сағат 19-20-да, бірден Қыз ғұмыры телехикаясынан соң эфирге шығады.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА