KazSat-2
жерсерігі қалпына келтірілді. Штаттан тыс жағдай жойылды. Оның істен шығуына
күннің қатты ысып кетуі себеп болған. Бұл туралы республикалық ғарыштық
байланыс орталығының президенті Виктор Лефтерге сілтеме жасап, Қазақстан
жаңалықтары хабарлайды. Айта кетейік, кеше «Қазтелерадио»
АҚ «OTAU
TV»
спутниктік желісіндегі телеарналардың қызметі маусымның 30-нан шілденің 3-не
дейін тоқтауы мүмкін екенін ескерткен еді. Республикалық ғарыштық байланыс
орталығының басшылығы спутниктің сыр беруін осылайша күн райындағы өзгеріспен
байланыстырады. Дегенмен, барлық ақаулар қалпына келтіріліп,
KazSat-2 жерсерігі бүгін түнде жөнделіп біткен.
Айгүл ӘДЕПБАЙ