Қырғызстан басшысы Қазақстан
президенті Нұрсұлтан Назарбаевты І дәрежелі «Манас» орденімен марапаттады. Бұл
туралы Қырғыз Президентінің баспасөз қызметі хабар таратуда. Алмазбек Атамбаев тиісті Жарлыққа қол қойған.
Ол Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев одақтастық
қарым-қатынастарды және Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық
әріптестікті дамытуға, екі елдің тату көршілігі мен достық қарым-қатынасын
нығайтуға қосқан үлесі үшін І дәрежелі «Манас» ордені иегері атанды.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА