$537.53 €620.52 ₽6.71
×

Италияда жарылыс жасау әрекеті үшін күдікті екі адам қамауға алынды

AstanaTV
02.07.2015ж. 10:00
Италияда жарылыс жасау әрекеті үшін күдікті екі адам қамауға алынды

Италияда лаңкестік жасамақ ниеті үшін екі адам қамауға алынды. Құзырлы орындар, күдіктілердің Италияда және Солтүстік Африкада жарылыс жасауға дайындалғанын анықтаған. Бұл туралы «Рейтерс» хабарлайды. Ақпарат агенттігінің дерегінше, топтың үшінші қатысушысы бұған дейін қамауға алынған болатын, қазір түрмеде. Тергеу Марокко полицейлерімен бірлесіп жүргізілген. Осы уақытта кең көлемде жасалған жедел операция өтіп, Милан, Бергамо және Гроссетода Сириядағы қарулы қақтығыстарға қатысу үшін жиналған 10 адам ұсталған. Күдіктілердің барлығы бір-біріне туыс боп келетін екі отбасының мүшелері. Ұсталғандардың арасында төртеуі - Италья азаматтары.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ