Қытай Халық Республикасында ұлттық қауіпсіздік туралы жаңа заң қабылдады.
Құжат Қытайдың егемендігін, ғарыш пен теңізде қорғауды қарастырады. Мұнымен
қатар ядролық қауіп төнген жағдайда ел қорғанысын нығайтуда маңызы зор делінген.
Халық өкілдерінің жалпықытайлық тұрақты комитеті өкілі Чжэн Шуна журналистерге
жаңа заңның қауіпсіздікте аса қажетті, әрі өте маңызды екенін айтты. Оның
мəлімдеуінше, 1993- жылы қабылданған ұлттық қауіпсіздік туралы заң сыртқы
барлау əрекеттерді зерттеуге бағытталған. 2014-жылы барлауға қатысты арнайы заң
шығарылған соң, 1993-жылғы құжат өз мәнін жоғалтқан.
Айжан ҚУАШ