«Нұр Отан» партиясы «Жастар
кадрлық резерві» және «Сәтті қадам» жобаларына, Жамбыл облысы бойынша
қатысушыларды қабылдауға дайын. Қос бірдей жоба 18 бен 29 жас аралығындағы
жастар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Сәтті қадам» 2 жылдан бері жастар
арасындағы жұмыссыздықты жоюға бағытталған бағдарлама ретінде жүзеге асуда. Осы
уақыт аралығында еліміз бойынша жүзге жуық адам жұмыспен қамтылған.
Бағдарламаның игілігін көрген жас мамандар өздері жайлы БАҚ өкілдерімен
бөлісті. Олар жұмысқа қабылданар алдында жас маман ретінде мемлекеттік органдар
мен ұлттық компанияларда 3 айлық тәжірибеден өткен. «Жас отандықтардың» «Жастар кадрлық резерві»
жобасы да «Сәтті қадамға» ұқсас. Алайда, бұл бағдарлама жұмыс тәжірибесі
толысқан жастарға арналған. Жоба қолға алынғалы бері елімізде 10 мыңнан астам
жас оған қатысуға өтініш білдірген. Айта кетейік, аталған бағдарламаларға
қатысу науқаны шілде айының соңына дейін жалғаспақ.
Арайлым Әбдуәлиева, Жамбыл
облысы Жастар мәселелері басқармасы «Жастар орталығы» мекемесінің маманы:
«Сәтті қадам» жобасына 2013-жылы
құжат тапсырдым. Бізбен бірге 25 адам құжат тапсырған болатын. «Жас Отан»
жастар қанатының «Сәтті қадам» жобасында 19 мекемемен келісім-шартқа отырған.
19 мекеменің ішінен өзім жастар саясаты мәселелері басқармасын таңдадым
іс-тәжірибеден өтуге. 2 айда тәжірибеден өтіп, 2 айдан кейін тұрақты жұмысқа
орналастым.
Данияр ӘЛІМҚҰЛОВ