Сенат
«дербес ұйымдардың қызметін реттеу» мәселелері бойынша атышулы заң жобасын
бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат бас ұстаз бен Мәжіліс депутаты
арасындағы даудың туындауына себеп болған еді.
Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов пен депутат, «Ақ жол»
фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың
текетіресі әлі бітер емес. Айта өтейік, заң жобасына сай жоғары оқу орындары биылдан бастап тәуелсіз
аккредитациялаудан өтуі тиіс. Ал білім министрлігі осы ережеге қатысты заңға
өзгеріс енгізуді сұрады. Мұны сынға алған Азат Перуашев «заңды өзгерткенше,
министрді отставкаға жіберу керек», - деп салған. Аслан Сәрінжіповте жауабын көп күттірмеді.
Депутатты жоғарғы оқу орындарының «шашбауын көтерген» лоббист деп айыптады.
Қазір бұл даумен Ішкі істер министрлігі айналысуда. Филологиялық сараптама да
тағайындалған. Бұл заң жобасын сенаторлардың біреуі ғана қолдамады. Сала
министрі болса жоғарғы оқу орындарында
фронталды тексеріс жүргізілетінін, диплом сатумен айналысып жатқан оқу
ордаларының лицензиясы кері қайтарылатынын айтты.
Аслан
Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Елбасының
тапсырмасымен жоғарғы оқу орындарын жаңғырту бойынша, ұлттық комиссия құрылды.
Өткен жылы біз Бас Прокуратурамен тығыз байланыста жұмыс істедік. Сапасы сын
көтермейтін 6 жоғары оқу орны жабылды. Комиссияның жұмысы осы жылы да
жалғасуда. 15 жылдың өзінде бірнеше лицензия кері қайтарылды. Стандарттарға сай
келмеген, білім сапасы төмен және диплом сатумен айналысқан мекемелер
лицензияларынан айрылады.
Ләйлә
ҚАЗИАҚПАРОВА