Әуе апатынан қаза тапқандардың
мәйіттері мен олардың отбасы мүшелерін діттеген жеріне жеткізбек болған
Индонезияның «Геркулес» С-130 әскери ұшағы Медан қаласынан ұша алмады. Бұған
әуе көлігіндегі техникалық ақау себеп болды, - деп жазады Рейтерс. Дәл ұшар
алдында әуе кемесіндегі электр желісі сыр берген. Қазіргі уақытта
мамандар ұшақты тексеріп жатыр. Бұған қарап Индонезияның әуе күштері қиын
жағдайды бастап өткеріп жатыр деуге толық негіз бар сияқты. Еске салайық, 30
маусым күні 1964 жылы құрастырылған «Геркулес»
С-130 ұшағы тұрғын үйлер мен мейманхананың төбесіне құлап, жанып кеткен еді. Кейбір болжамдарға сай, ұшақтың қозғалтқышы
істен шыққан. Командир апатқа бірнеше минут қалғанда мұны диспечерлерге айтып
үлгерген. Алдын ала мәлімет бойынша кеменің бортында 122 адам мен 12 экипаж
мүшесі болған. Олардың барлығы қаза тапты.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА