Ирак және Левант мемлекеті
аталып жүрген террористік топтың содырлары сириялық Пальмирадағы алты көне
ескерткішті жойды. «Рейтерс» агенттігінің хабарлауынша, құнды жәдігерлер
арасында осыдан екі мың жыл бұрын жасалған «Аллат арыстаны» атты мүсін болған. Мамандар,
Пальмира мұрасының жойылуын, ауыр қылмыс санатына жатқызуда. ЮНЕСКО
қорғауындағы көне орын террористік ұйым бақылауына үстіміздегі жылдың мамыр
айында өткен болатын. Сириялық әскерилер террористермен қақтығыстар барысында
тұрғындардың көпшілігін қаладан шығарып үлгерген. Бұдан кейін бос қалған
елді-мекендегі көне ескерткіштер мен ғибадатханалар лаңкестік топ мүшелерінің
билігіне көшті. Содырлар Сирия аумағындағы 750-ге жуық мәдениет нысандарды
тонаған. Олардың қатарында Дур-Шаррукин және Ирактың
Мосул қалаларындағы көне ескерткіштер де бар.
Жұрағат БАМАН