Астанада бір ауысымда
500 адамды қабылдайтын заманауи амбулаториялық-емханалық кешен ашылды. Қаладағы
нөмірі тоғызыншы емхана халықаралық стандарттарға сай соңғы технологиямен
жабдықталған. Онда ересектер мен балалардың ішкі органдарының патологияларын
зерттейтін сәулелік, ультрадыбыстық диагностика мен бейнеэндоскопиялық аппарат
та бар. Емханада сондай-ақ 20 төсектік стационарлық ем алу бөлімі мен
амбулаториялық хирургия бөлімі қарастырылған. Емхана Астананың сол жақ жағалауы
тұрғындарына қызмет көрсетпек. Заманауи нысанды Астана қаласының әкімі Әділбек
Жақсыбековтің өзі ашты. Қала басшысына салтанатты жиыннан соң «Онкологиялық
орталық» медициналық класстері таныстырылды. Жаңа медициналық орталық озық
технологияларды қолдана отырып, обаның барлық түрлеріне сәулелік ем жүргізеді.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ