Астанада
«Қазақ хандары» деп аталатын тарихи-танымдық кітаптың тұсаукесері өтті.
Туындының авторы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры,
тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев. Мазмұны бай, әрі безендірілуі де
тақырыбына сай жинақ қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Бұл кітап
мектеп оқушылары мен студенттерге, барша оқырман қауымға арналған. Баға жетпес
рухани қазына саналатын кітап жеті мың данамен жарық көрді. «Қазақ хандары»
тарихи-танымдық кітабы еліміздегі тарихи бай мұраға қосылған туынды болары
даусыз. Қазақ шежіресіндегі дара да дана тұлғалар жайлы танымдық энциклопедияны белгілі баспагер Әділ
Қойтановтың «Сардар» баспасы шығарды.
Берекет
Кәрібаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих
ғылымдарының докторы:
Академиялық
басылымда, оқулықтарда азды көпті материалдар бар. Бірақ бір өкініштісі
қазақтың хандарының кімнен кейін кім болды? Қанша хан болды? Және қай жылдары
нақты хан болғандығы жөнінде материалдар өте шашыраңқы. Мен соның бәрін ескере
келе, жүйелеуге тырыстым. Қай хан, нақты кімнен кейін хан болды, және қай
жылдары хан болды.
Жұрағат
БАМАН