Халықаралық ғарыш
стансасына ұшуға қазақстандық Айдын Айымбетовтің кандидатурасы бекітілді. Бұл
жөнінде Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінде белгілі
болды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қазақстан азаматының
Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылуы туралы Қазақстан мен Ресей Президенттері
арасында уағдаластық бар болатын. Соған сәйкес Айдын Айымбетовтің кандидатурасы
келісілді. Еске салайық, отандасымыз ғарышқа турист ретінде ұшпақ болған
британдық әнші Сара Брайтманның орнын басты. Роскосмос сапарға Айымбетов пен
жапондық ғарышкердің кандидатурасын қатар қарастырған. Алайда Қазақстан
тарапының қолқа салуымен, отандасымыздың жолы болды. Айдын Айымбетов ғарышқа
Талғат Мұсабаевтың 2001 жылғы сапарынан кейін ұшқалы отырған ғарышкеріміз.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ