$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Бүгін барша қазақстандықтар Астананың 17 жылдығын тойлап жатыр

AstanaTV
06.07.2015ж. 10:00
1519
Бүгін барша қазақстандықтар Астананың 17 жылдығын тойлап жатыр

Бүгін барша қазақстандықтар Астана күнін атап өтуде. Елорда биыл 17 жылдығын тойлап жатыр. Астана күнінің басты ұраны - «Ел жүрегі - Астана!». Бұл күні түрлі мәдени-бұқаралық шаралар, фестивальдер өтеді. Астана күні дәстүрлі түрде мерекелік отшашумен аяқталады, оны қаланың бірнеше жерінен - атап айтқанда, Есіл өзені жағасынан, «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы  мен Абылай хан және Пушкин көшелері қиылысындағы гүлзардан көруге болады. Сондай-ақ Астана күніне арналған мерекелік шаралар Қазақстанның барлық аймақтарында өтеді. Еске салайық, Елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім 1994 жылғы 6 шілдеде  қабылданды. Елорда 1997 жылғы 10 желтоқсанда көшірілді. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері сол жылы 10-маусымда өтті. Елорда үні 2009 жылдан бері жыл сайын 6 шілдеде  мемлекеттік деңгейде  аталып жүр.

Базаргүл
ОТЫНШИЕВА