$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астанада таңертеңнен түрлі мерекелік шаралар қызу басталып та кетті

AstanaTV
06.07.2015ж. 10:00
1794
Астанада таңертеңнен түрлі мерекелік шаралар қызу басталып та кетті

Астанада таңертеңнен түрлі мерекелік шаралар қызу басталып та кетті. «Астана самалы» деген атаумен өтетін оркестрлер шеруі Елордадағы алаңдар мен орталық көшелерді салтанатты түрде жүріп өтуді мақсат тұтқан.

Жұрағат Баман:

Бүгін Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары үрмелі аспаптардың әуезді дыбысымен әрленген бірегей думанның куәсі болмақ. Астананың 17 жылдығына орайластырылған мерекелік шаралар аясында бүгін бірқатар шаралар өтеді. Оның бірі дәл қазір өткелі жатқан «Астана самалы» атты фестиваль. Биылғы тарту аса ерекше. Оркестрлер Астананың ашық алаңдары мен орталық көшелерін салтанатты түрде жүріп өтпек. Мерекелік шерудегі концерттік бағдарлама нағыз сазды-әуенді думанға айналып, көпшіліктің көңілін көтерері сөзсіз. Фестивальде алыс-жақын шетелдерден келген оркестрлер өнер көрсетеді деп күтілуде.

Жұрағат Баман:

Дәл қазір менің қасымда осы фестивальдің ұйымдастырушысы тұр. Жалпы бұл фестиваль қашан бастау алды? Биылғы ерекшелік неде? Қанша адам қатысуда? Қандай туындылар орындалады? Музыканттар қай елдерден келген?

Орал Рысмағамбетов, ұйымдастырушы:

«Үрмелі аспаптар оркестрі фестивалі - қаламыздың мәдени өміріндегі жарқын әрі бірегей шара. Фестивалдің басты мақсаты - оркестрлердің әуезді шығармалары арқылы тыңдармандарды қайталанбас шынайы әсерге бөлеу. Бұдан басқа бүгін бірқатар мерекелік шара өтеді. Менің қолымда солардың тізімі тұр. мерекелік іс-шаралар бірінен соң бірі жалғасатынын айта кеткен жөн.  Қала қонақтары сағат 11 де дәстүрлі «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» көшпелілер өркениетінің фестивалін тамашалай алатын болады.  Шара Хан шатыры маңында ұйымдастырылмақ.

Жұрағат БАМАН