$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Президент Астана күні мерекесін ресми түрде бастап берді

AstanaTV
06.07.2015ж. 10:00
1674
Президент Астана күні мерекесін ресми түрде бастап берді

Астана күнін тойлауды Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ресми түрде бастап берді. Елбасы жылдағы дәстүр бойынша еліміздегі ең алып мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, курсанттарға офицерлік погон табыстады. Бұл күні Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтын, Ішкі істер министрлігі  мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтын үздік бітіруші 12 түлек - Қазақстан Президентінің қолынан погон алды. Президент өз сөзінде Мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран орындалған сайын әрбір қазақстандықтың айрықша сезімге бөленетінін айтты. Оған қоса, жоғары әскери оқу орындарының түлектері офицерлік атақ алған соң мәртебелі және жауапты жаңа жолға түсетінін айрықша атады. Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын өтетін Мемлекеттік ту көтеру  рәсімі Астана күніне арналған мерекелік шаралардың бастауы екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміздің жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі - Астананың мерекесі бүкіл қазақстандықтардың мерекесі екенін білесіздер. Бас қаламыз тұтас ел дамуына серпін берген, кемел келешекке жол ашқан қастерлі бойтұмарымыз. Бүгін шын мәнінде Еуразия жауһарына айналған Астана елімізді биік белестерге жетелеп отыр. Жаһан жұртының назары ауған халықаралық шаралардың Елорда төрінде өтуі соның белгісі.

Мөлдір ДЮСЕКИНА