Бүгін Елорда Астана күнін атап
өтуде. Биыл Астана күнін мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қала
билігі көптеген тың бағдарламалар ұсынып отыр. Мерекеге орай қалада
республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-тен астам шара өтіп жатыр. Қала
билігі оларға еліміздің түкпір-түкпірінен жарты миллионнан астам мейман келеді
деп мәлімдеген. Қаланың ең үздік концерттік алаңдарында кешелі-бері түрлі
жанрдағы бағдарламаларымен отандық және шетелдік әртістер өнер көрсетуде.
Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шараларды мейлінше қолжетімді
қылу мақсатында концерттер саябақтарда, гүлзарлар мен ашық алаңдарда өтуде.
Берік ХАСЕНОВ