Астананың туған күніне
аспаздарда өзіндік тарту жасап жатыр. Шілденің төртінен бері қалалық алаңға
елордадағы мейрамханалар мен дәмханалар өздерінң өнімдерін шығаруда. «Аспазшылар
өнері - сүйікті қалаға» атты фестиваль үш күннен бері жалғасып жатыр.
Айгүл Әдепбай, тілші:
Фестивальдің бірінші күні бұл
алаңда даяшылар байқауы өтсе, кеше бармендер сайысы жүрді. Ал бүгін ең үздік
ағам байқауы өтуде. Білікті аспаздар шедевр деген тағамдарын дайындап әкеліп
жатыр. Бірақ не дайындайтындарын құпияда ұстап отыр.
Рустам Имамниязов, аспазшы:
Қазір әділ қазылар алқасы тағамдардың
бағасын беріп үздігін анықтайды. Кондитерлер фестивалінен кейін қала тұрғындары
мен қонақтарын «Аялаған Астана» байқауы, «Шаттық» балалар өнерінің фестивалі,
«Астана Арқау» түрік музыкасының фестивалі, классикалық музыка, джаз, замануи
музыка, отандық шоу бизнес өкілдерінің концерті сынды өзге де мерекелік
бағдарламалар күтіп тұр. Ал туған күннің нүктесін сағат түнгі 11-де басталатын
от шашу қояды.
Айгүл ӘДЕПБАЙ