$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Астана күніне орай Қостанайда да мерекелік шаралар өтті

AstanaTV
06.07.2015ж. 13:00
1249
Астана күніне орай Қостанайда да мерекелік шаралар өтті

Елорданың туған күні, астықты аймақ - Қостанай облысында айрықша аталып өтуде. Шаһар орталығында ауқымды мерекелік шаралар жексенбі күні басталған.

Марат Хасенұлы, кәсіпкер-коллекционер:

Еңселі Елорданың мерекесі қарсаңында қалада бірқатар мәдени-спорттық шара өткізілді. Әсіресе «Астанаға тарту» атты көрме көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Облыстың 10 коллекционері сан жылдар бойы жинаған жүздеген, мыңдаған көне жәдігерлерін көпшілік назарына ұсынды. Көрмеге 17-18 ғасырда жасалған түрлі заттар да қойылды. Тіпті кейбір тұрғындар өзіне ұнаған ескі бұйымдарды бірден сатып алып жатты.

Төленді Әлғожин:

Халыққа ұнайды, кейбіреулері өз тарихын біледі. Сосын келіп алады. Мен оған қарсы емеспін.

Керемет көрмелерді көріп, мен шын риза болдым. Бұл біздің тарихымыз. Жастар тарихты білу керек. Өйткені ел келешегі жастарда. Мен мұнда ата-бабаларым ұстаған керемет заттарды көріп, мағлұмат алып жатырмын.

Заңғар САНАЙ