$520.93 €609.07 ₽6.68
×

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды

AstanaTV
06.07.2015ж. 13:00
1369
Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды

«Ұлы дала жаңғырығы». Осындай атаумен Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ашылды. Шараға белгілі қылқалам шеберлерінің туындылары мен Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайы қорынан 100-ге жуық туынды қойылды. Бейнелеу және қолданбалы өнер туындыларында суретшілер қазақ хандығының құрылу тарихын шынайы бейнелеген. Әсіресе, Керей мен Жәнібектің хандық құрған кезеңі мен Қасым ханның тұсындағы елдің хал-жағдайын егжей-тегжейлі баяндауға тырысқан. Ел басқарған хандар мен қол бастаған батырлар, билер және біртуар тұлғалар бейнеленген тарихи суреттерден өскелең ұрпақ тағылымды тәрбие алады,-дейді ұйымдастырушылар.

Eркін Нұразхан, Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайы директорының орынбасары, суретші:

Халқымыздың тарихын терең үңіліп, зерттеу бабаларымыздың ерлік істерін, хандарымыздың ақылды шешімдерін осы мемлекет халық болып осы қаншама формациядан өтсекте бүгінгі күнге жетіп отырғанымыз сол кісілердің арқасы. Бұл шығармалар біздің ұрпақты осы жерді бағалау, қадірлеуге және құрметтеуге үйретеді.

Айгүл ЕРМАХАН