Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астана күнін қостанайлықтар айрықша атап өтуде

AstanaTV
06.07.2015ж. 20:00
1554
Астана күнін қостанайлықтар айрықша атап өтуде

Елорданың елеулі күні Тобыл өңірінде кеңінен аталып өтті. Астықты аймақ тұрғындары Астана мерекесін жексенбіден бастап тойлады. Бұл күндері қала орталығында ауқымды мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды. Әсіресе көпшіліктің көңіліне «ретро көліктер» мен «көне бұйымдар» көрмесі ерекше әсер қалдырды. 

Көрмеге қостанайлық 10 коллекционердің сан жылдар бойы жинаған көне жәдігерлері қойылды. Марат Хасенұлы ескі бұйымдарды жинаумен 22 жылдан бері айналысады екен. Қазіргі таңда оның алтын қорында 500 мыңға жуық сан алуан төс белгі, 3 мыңнан астам ақшаның түрі бар. Солардың ең ескісі, ең құндысы - 17-18 ғасырда жасалған мына тиындар. Коллекционер: «төл тарихымызға қатысы бар құнды жәгерлерді де жинауға тырысамын», - дейді.

Марат Хасенұлы, коллекционер:

Бүкіл коллекция бар. Қазақстан монеталары. 50 теңгелік, қалған ақшалары да бар. Қазақстанның гербі бар. Сондай-сондай нәрселер кездеседі менде. Өзіміздің тарихымызды сыйлаймыз. Сосын оған қатысты заттарды жинауға да тырысамыз.

«Астанаға тарту» атты айрықша көрме қалың көпшіліктің көңілінен шықты. Көне бұйымдарды тамашалауға келген тұрғындардың кейбіреуі өзіне ұнаған затты бірден сатып алып жатты.

Жұмакүл Әлмұхаммедова:

Біздің бала кезімізде, жас кезімізде, қазіргі кездедегі заттарды балаларымызға көрсеткен өте пайдалы деп олйаймын. Енді өте қуаныштымын. 

Төленді Әлғожин:

Керемет көрмелерді көріп, мен шын риза болдым. Бұл біздің тарихымыз. Жастар тарихты білу керек. Өйткені ел келешегі жастарда. Мен мұнда ата-бабаларым ұстаған керемет заттарды көріп, мағлұмат алып жатырмын.

Апалы-сіңілі Зоя мен Тамара да көп жылдан бері көне заттарды жинап келеді. Олардың коллекциясында бірнеше мың ескі күйтабақтар мен журналдар бар. Бүгін олар сол жәдігерлердің бір легін көрмеге келушілердің назарына ұсынды.

Зоя Арменкова, коллекционер:

Үйдегі сөрелерде тек журналдар толып тұр. Саны қисапсыз. Бір жаққа апарып салайын десем қимаймын. Өйткені оның бәрі керемет.

Райымкүл Рахалиева қала орталығындағы көрмеге қазақтың ұмыт болып бара жатқан заттарын алып келіпті. Мақсаты - келушілерге, әсіресе жастарға, ұлттық бұйымдардың мән-мағынасын жеткізу.

Райымкүл Рахалиева, қол өнер шебері:

Ұмыт болған қазірде, мінекей, арқан. Құда тартар, қазір бұл арқандар жоқ. Сосын тулақ. Бұл келіншектің бетін ашқанда аяғының астына төсейді. Сосын шабадан қыздың дүниесін салып жинап апарады.

«Астанаға тарту» атты көне бұйымдар көрмесін одан әрі «Ретро көліктер» шеруі жалғастырды. Шерудегі ең көне көлік 1957 жылы шыққан.

Заңғар САНАЙ