Отандық Qazaq
Air әуе компаниясының алғашқы ұшағы Астанаға қонды. Bombardier Q-400 борты
Алматыдан Астанаға жолаушысыз ұшып келіп, жаңа рейстің ашылғанын жариялады.
Жаңа әуе компаниясы екі аптадан соң толық іске кіріспек. Алғашқы ұшақ Алматы
мен Павлодар қалаларының арасын жалғайды деп күтіліп отыр. Qazaq Air
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының еншілес компаниясы. Ол әуе
кеңістігінде 12 бағытта қызмет көрсетпек. Негізінен облыстарды байналыстырады.
Компания өкілдерінің айтуынша, бірінші жылда күніне төрт рейс ұшады. Биыл
жолаушылар саны 250 мың адам болады деп күтілуде. Естеріңізде болса, Президент
Нұрсұлтан Назарбаев отандық әуе компаниясын құру қажеттілігі туралы өткен
жылдың ақпанында айтқан еді.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы:
Жаңа тасымалдаушы бұған дейін авиа байланыстан тыс қалып келген қалаларды
бір-бірімен байналыстырады. Барлығы 12 бағыт жіберіледі. Олардың сегізі су жаңа
бағыт. Яғни,
ол қалаларға бұған дейін мүлдем ұшақ қатынамаған.
Бағасына келсек, компанияның жобалық директоры билет бағасының қолжетімді болатынын жеткізді. Qazaq Air нарыққа шықса, өзге әуе компанияларына үлкен бәсеке жайсайтыны анық. Сондықтан да өзге компаниялар бағаларын аспандатпайды деген үміт бар.
Блэр Поллок, Әуе
компаниясының жобалық директоры:
Бізде өте арзан
билеттер болады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге арналған өте қымбат билеттер де
сатылады. Мен баға саясатын толық түсіндіріп бере алмаймын. Бірақ біздің баға
өзге әуе компанияларына қарағанда едәуір арзан болады дей аламын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ