Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Мемлекеттік қызметте командалық көші-қонға әлі толық тыйым салынбаған

AstanaTV
07.07.2015ж. 20:00
1045
Мемлекеттік қызметте командалық көші-қонға әлі толық тыйым салынбаған

Мемлекеттік қызметте командалық көші-қонға қатаң тыйым салынғанымен, әлі толығымен алынып тасталмаған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Саян Ахметжанов мәлімдеді.

«Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру механизмдері» атты баспасөз мәслихатында шенеуніктердің командамен «көшу» мәселесі де қозғалды. Саян Ахметжановтың айтуынша, бұл үрдіске әлі толық тыйым салынбаған екен. Нақтырақ айтсақ, өзгелерден бөлек саяси мемлекеттік қызметтегі бірінші тұлғалар командасын ерте алады. Агенттік төрағасының орынбасарының түсіндіруінше, олар өздерімен кеңесшілерін, көмекшілері мен баспасөз хатшыларын бірге алып көшуге құқылы.

Қазіргі күні әкімшілік қызметте жүз мыңға жуық мемлекеттік қызметші еңбек етіп жатыр екен. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық талаптарға жауап ретінде 5 институционалды реформаны жариялап, оны іске асырудың нақты 100 қадамын ұсынған болатын. Осы мақсатта құзырлы агенттік, жаңа реформаны іске асыру үшін, 2016 жылдың бірінші қаңтарына дейін жаңа заң қабылдауды жоспарлаған. Оған сәйкес мемлекеттік қызмет саны да қысқаруы мүмкін.

Саян Ахметжанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары:

Қаңтардың бірінші жұлдызынан бастап 2016 жылдың күшіне ену жоспарланып отыр. Әрі қарай осы 15 нақты қадамның арасында жалпы мемлекеттік қызметте жалпы аттестаттандыру өткізіледі. Сол мемлекеттік аппараттың тиімділігін жоғарылату үшін, оның санының азаюы да, қысқартылуы да мүмкін.

Берік ХАСЕНОВ