Әуежайдан тағы бір ақпарат. Алматыда Араб әмірліктеріне жеті сұңқарды заңсыз жолмен алып өтпек болған азамат қолға түсті. Шекаралық бақылау жасағы Қызыл кітапқа енген құсты жол сөмкесіне "тиеп" алған 37 жасар азаматты ұстады. Браконьер "Алматы - Шарджа" халықаралық рейсіне жиналған.
Ол сұңқарларды қорапқа құндақтаулы күйде салып алған. Тірі тауардың қара нарықтағы бағасы 10 мың доллардан басталады. Қазіргі уақытта қылмыскердің үстінен іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Кінәсі дәлелденсе, 10 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін. Ал, жолдан қалған қанаттылар «Сұңқар» баптау орталығына тапсырылды.
Бектас А.
https://youtu.be/ejEy2cBEgjo