$458.87 €493.84 ₽6
×

Қарағанды облысында «Халық жасағы» 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкереледі

AstanaTV
24.09.2018ж. 20:00
2821
Қарағанды облысында «Халық жасағы» 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкереледі

Қала тыныштығын "Халық жасағы" қадағалайды. Қарағанды облысында еріктілер тобы полицияға 800-ге жуық қылмыс пен заң бұзушылықты әшкерлеуге көмектесті. Белсенділер қатарында қала тіршілігіне бей-жай қарамайтын зейнеткерлер де бар. Олар салғырт жастарға "қала мәдениетін" үйретуге де әзір.

Тілші:

Қаланың тазалығы мен тыныштығына алаңдайтын белсенді зейнеткердің бірі Орал аға. Серіктесімен бірге әдеттегідей орталық саябақтағы тәртіпті бақылап жүр. Ол - ауған соғысының ардагері, бұрынғы полиция қызметкері. Әскери тәртіпке жастайынан үйренген. Енді жастарды қала тазалығын сақтауға тәрбиелегісі келеді.

Орал Нүркеев, «Халық жасағы» тобының мүшесі:

 «Темекі лақтыру, бөтелке лақтыру, балмұздақ қоқыстарын лақтыру көп. Кездесті ондай жастар. Өз қалаңды сүю керек, сол жағдайға көмектесіп жүрміз».

Тілші:

Өңірде «Халық жасағының» пайда болғанына 1 жылдай уақыт өтті. Қазір ауыл аймақтарды қосқанда 140-тан астам топ қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүр. Олар демалыс күндері саябақтардағы тәртіпті кірпік қақпай күзетеді.

Наталья Зверева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Бұқара полицейлерден гөрі өздері секілді адамдарды көбірек тыңдайды деп ойлаймын. Уақыт өте келе үйреніп, өздерін бақылауда ұстап тәртіпке жүгінеді.

Тілші:

Жасақ бір жыл ішінде 70 қылмыстың бетін ашып, 700-ден астам құқық бұзушылықты анықтауға көмектесіпті. Жергілікті полиция бұл топ құқық бұзушылықпен күресте әжептәуір қолғабыс еткенін жасырмайды.

Бақытгүл Қаржаспекова, Қарағанды қалалық ІІБ жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы:

«Егер де құқық бұзушы қылмыскерді анықтаған бойда олар полиция қызметкерінің көмегіне жүгінеді. Яғни, ол адамдардың қолдарында арнайы құралдары жоқ. Азаматтық киімдегі біздің нысанды киімнен гөрі азаматтар арасында сенімді».

Тілші:

"Халық жасағы" қатарына қосылуға ниеттілер аз емес. Бүгінде олардың саны 1 жарым мыңға жеткен. Еріктілерге жалақы төлеу үшін облыстық бюджеттен 2 млн теңгеге жуық қаржы бөлініпті. Демек әрбірі күніне 3500 теңге еңбекақы алады.

Қуаш А.


orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах