$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда жол апатынан ана мен бала қаза болды

AstanaTV
25.09.2018ж. 20:00
3758
Атырауда жол апатынан ана мен бала қаза болды

Атырауда жол апатынан ана мен бала ажал құшты. "Тойота Королла" автокөлігі жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан әйел мен оның екі баласын қағып кетті. Қайғылы оқиға өткен сенбі күні кешқұрым болған. 37 жастар әйел мен оның 3 жастағы қызы сол жерде жан тапсырды. Ал 4 жастар ұлы бірнеше жерден жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер бүлдіршіннің жағдайы бірқалыпты дейді.

Сергей Хван, Атырау облыстық балалар ауруханасы жарақаттану бөлімшесінің меңгерушісі:

Баланың жағдайы қалыпты бірақ, ауыр күйде. Бас сүйегіне зақым келген. Кеуде тұсы соғылған. Сол жақ саны сынған. Науқасқа толық диагностикалық тексеру жүргізілді. Қажетті ем-домдарын алып жатыр. Жағдайы жақсарғанша, жан сақтау бөлімінде болады.

Адам өліміне соқтырған жол апатына қатысты облыстық Ішкі істер департаменті тергеу жұмыстарын бастаған. Алайда ауыл ішінде көліктің қандай жылдамдықпен жүргені және оның жүргізушісі жайлы ақпаратпен бөліскен жоқ.

Бақытгүл Сармекова, Атырау облыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің маманы:

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 345 бабы 4-ші бөлігі бойынша, яғни көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын басқару қағидаларын бұзу бабы бойынша тіркеліп, қазіргі уақытта тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Надиркызы Б.