$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қарағандыда орта білім басшыларына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
2329
Қарағандыда орта білім басшыларына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды

    Қарағандыда орта білім беру басшылары пара алу мен мемлекет қаржысын жымқыруды қоймай отыр. Өңірде жыл басынан бері мектеп директорлары мен білім бөлімі басшыларына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалған.

Александр Иксанов, Қарағанды облыстық СЖҚІҚҰБ департаменті, Тергеу басқармасы жетекшісінің орынбасары:

Биыл Қарағанды қаласының №3 музыкалық мектебінің директоры 100 мың теңге көлемінде пара алған. Есесіне, балаларды ыстық тамақпен қамтитын фирманың тендерден ұтуына көмектесем деп уәде еткен. Ақыры айыппұл төлеп, шартты жазаға кесіліпті. Одан басқа тағы 3 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.

Сондай ақ, мектеп басшылары көп жағдайда жоқ адамдарды жұмысқа тіркеп, жалақысын өздері қалтаға басқан. Тергеушілер, әдетте директормен олардың орынбасарлары, қалалық, аудандық білім бөлімдері жетекшілері мен бас есепшілер сыбайлас келеді дейді. Соңғы 3 жылда өңірде білім мекемелерінің өкілдеріне қатысты 39 қылмыстық іс қаралып, 13 тұлға сотталған.

Қуаш А.