$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
4326
Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ

Астанаға көлікпен кіру ақылы болмақ. Бас қалада көлік нөпірін азайту үшін, ақы төлеу жүйесін енгізу қарастырылып жатыр. Әсіресе, қалада кептеліс кезінде сырттан келетін машиналарды азайту көзделеді. Басқа уақытта жол жүру тегін болады. Ақылы жол әзірге алты бағытқа енгізілмек. Олар Қорғалжын, Қосшы, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Көкшетау бағыты.

Бейбіт Есжанов - «Астана LRT» ЖШС Басқарма басшысының орынбасары:

Таңғы сағат 07.00 мен 09.00 және кешкі сағат 17.30 бен 20.00 аралығы ақылы болады деп жоспарлап отырмыз. Бұған себеп - қалаға күнделікті 82 мыңнан аса көлік кіреді. Оның шамамен 17 пайызы - 13500 көлік таңғы қарбалас уақытта. Біздің болжауымызша, ақылы төлем енгізілсе, халық қоғамдық көлікке ауысады.