$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жұмыс сапармен Қостанай облысына барды

AstanaTV
26.09.2018ж. 20:00
3560
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жұмыс сапармен Қостанай облысына барды

    Тобыл өңірінде Елбасының 5 әлеуметтік бастамасы нәтижелі жүзеге асуда. Мәулен Әшімбаев Қостанай облысындағы жұмыс сапары барысында осылай деп баға берді. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары аймақтағы бастауыш партия ұйымдарының басшыларымен кездесіп, IT-орталықтардың жұмысымен танысты. «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер кілттерін табыстап, баспаналы болған тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

    Мәулен Әшімбаев, «7-20-25» бағдарламасы баспана түйткілін тиімді шешудің тетігі екенін атап өтті. Әсіресе жас отбасылардың аз жарна төлеп, жаңа пәтер алуына жағдай жасалып отыр деді. Бүгін бағдарламаға қатысушылардың алғашқы легіне салтанатты түрде пәтер кілттері табыс етілді.

 Әсемгүл Мамытова:

Жастарға өте тиімді. Аз мөлшерде ақша жинау үшін және ай сайынғы өтемақысы төмен. Қолжетімді.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары Рудныйдағы «Соколов-Сарыбай» акционерлік қоғамының ұжымымен кездесті. Бұл кәсіпорында 2007 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы жұмыс істейді. 31 бастауыш партия ұйымы топтастырылған. Онда 20 мыңнан астам қызметкер бар. Исламбек Құдайбергенов екі жылдан бері ұйымды басқарып келеді.

Исламбек Құдайбергенов, "Нұр Отан" Партиясы, Бастауыш партия ұйымының төрағасы:

Мен биыл «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кадрлық резерв жұмысының арқасында қалалық мәслихатқа депутат болып сайландым. Бүгінде аудандық филиалдың арнайы бекітілгне кестесіне сәйкес азаматтардың қоғамдық қабылдауын өткіземін. Сондай-ақ бізге бастауыш партия ұйымының мүшелері, зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар өздерінің проблемалық мәселелерімен, кез келген қиын жағдайда жүгіне алады.Оларға қолдан келгенше көмек көрсетеміз.

Елбасының әлеуметтік бастамаларының бірі «Жоғары білім мен сапасына қол жеткізу және студент жастардың тұрмыс жағдайларын жақсарту». Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры үшінші бастаманы жүзеге асыру жөнінде ақпарат берді. Жоғарғы оқу орнында 465 орындық бір ғана жатақханасы бар. Тағы 344 студентке орын қажет.

Еркін Әбіл, ҚМПУ ректоры:

Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамаларының ішіндегі үшінші бастама жоғары білім берудің қолжетімділігін арттыру жөнінде. Осы бастаманың ең негізгі мәселесі жаңа жатақхана салу. Қаржылық сметалық құжаттарды, жобалау жұмыстарды бітіріп жатырмыз. Жеріміз бар. Жалпы 4 жатақханадан тұратын кампус салу жоспарда бар.

Мәулен Әшімбаев «Рухани жаңғыру » бағдарламасы аясында аймақта атқарылған игі істермен де танысты. Былтыр 2,7 миллиард теңгені құрайтын 135 жоба жүзеге асқан. Сонымен қатар Кейкі батырдың кесенесі салынып, Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мавзолейі жаңғырды. Қала орталығында Тархан Шақшақ Жәнібектің еңселі ескерткіші бой көтерді.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» Партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Облыста Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында үлкен жұмыстар жасалып жатқын көріп отырмыз. Мұның барлығы халықтың көңілінен шығып жатыр. Ұлттық кодымызды сақтауға өз үлесін қосуда. Рухани, идеологиялық тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндіктері ашылып отыр. Сондықтан бұл елбасының бағдарламасы елге, елдің болашағына жұмыс істеп жатқана бағдарлама деп айтуға толықтай болады.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары облыстық филиалдың отырысына қатысты. Актив жиынында бес әлеуметтік бастамалары мен жаңа партиялық жобаларды іске асыру мәселелері тілге тиек болды.

Санай З.