Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Жылусыз отырған балабақша

AstanaTV
27.09.2018ж. 20:00
2385
Жылусыз отырған балабақша

Қызылжарда да бала бақша берешекке батқан. Содан жергілікті «Севказэнерго» компаниясы "Аққайыңға" жылу беруден бас тартып отыр. Мекеменің қарызы 1 миллион 600 теңге. 140 балаға шақталған мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесі былтырғы жылдың желтоқсан айында ашылды. Бірақ, бақшада бала аз. Қазір 80 сәбидің 50-і ғана келіп жүр. "Қалғандары тұмауратып, үйлерінде емделіп жатыр", дейді мекеме өкілдері. Қарыз мекеме қолданысқа берілгенше қордаланған дейді, өкілдер. Құрылыс компаниясы монополист алдындағы міндетті орындамаған болса керек.

Диана АСЛЯМОВА, АТА-АНА 

Тобымызда 20 баланың орнына 10-ақ сәби келіп жүр. Қызым топтың ішінде күртемен жүреді. Қазір қайта күн жылы болып тұр. Ал, ертең суытқан кезде не істейміз? Балабақша меңгерушісі жақсы кісі. Жылуға қатысты бармаған жері жоқ. Бірақ, бұл мәселені өзі шеше алмаған көрінеді.  

Райхан СЕРАЛИНА, «АҚҚАЙЫҢ» БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ

Қалада жылу қыркүйектің онынан бастап берілуі тиіс болатын. Бірақ, әлі де жылусыз отырмыз. Біздің директор қазір жылу тарату компанисында бұл мәселені шешіп жатыр. Олар бір мәмілеге келген сыңайлы. Жылу бүгін кешке беріледі деді.

А. Курманкин