Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Мәжіліс депутаты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндірді

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
2907
Мәжіліс депутаты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндірді

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен мемлекеттік медициналық ұйымдар мен жеке клиникалар тең дәрежеде қызмет көрсететін болады. Тұрғындардың емханаларды өздері таңдауына мүмкіндігі бар. Мұндай жаңашылдық халыққа көрсетілетін дәрігерлік көмектің сапасын арттыруды көздейді.

Бұл туралы Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сейдуманов Алматыдағы №14 емхананың еңбек ұжымымен кездесуінде айтты. Депутат жаңа жүйенің енгізілуіне бұл емхананың тез бейімделгенін атап өтті. Жуырда күрделі жөндеуден өткен №14 емдеу мекемесі күніне дертіне дауа іздеген 300-ден астам адамды қабылдайды. Бұрындары тек жүз жанға қызмет көрсеткен. Сондай-ақ  мұнда күрделі отадан шыққан ересектер мен балаларды оңалтатын кабинеттер ашылып, 200-ге жуық жас пен жасамыс сырқатынан құлан таза айыққан. Мекеме барлығы 35 мыңнан аса халыққа қызмет көрсетеді. Жиында сондай-ақ ұлт саулығын жақсартуды жүктеген «100 нақты қадамдағы» міндеттер пысықталды.

Серік Сейдуманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жаңа жүйесінің шындығында  ауруханалар мен емханаларда қалай жұмыс істейтінін білу маңызды. Сондықтан емхананың бүгінгі ахуалын көріп шықтым. Әрине, міндетті медициналық сақтандыру бойынша әлі де жеделдетіп шешуді қажет ететін сұрақтар бар. Ол мынау әрбір азаматтың емханаларға жүйелі тіркелу жағы және сақтандыру қорына ақша аудару мәселесі.