Келесі жылдан бастап медициналық университетке түсу талабы күшейтіледі. Енді дәрігер мамандығын таңдаған талапкер психометриялық тест тапсырады. Ол болашақ маманның төзімі мен психологиялық ахуалын анықтауға септеспек. Үкіметте өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Салада кадр тапшылығына қарамастан, сапаны арттыруға қадам жасалмақ. Оған қоса, медбикелер мен оларды оқытатын колледждерге де талап өзгереді.
Елжан Біртанов, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Мейірбике дайындайтын76 медициналық колледж бар. Оның 25 пайызы мемлекеттік қалғаны жеке меншік. Ол бір бизнес болып кетті. Лицензия алады, әрі қарай ешкім сапасын тексермейді. Біз осыны жуырда өз бақылауымызға аламыз.
Бүгінде оқу бітірген медицина мамандарының 95 пайызы жұмысқа орналасқанмен, бір жыл өтпестен 30 пайыздан астамы кетіп қалатыны айтылды. Министр жас маманға жағдай жасалмайды деп топшылайды. Министр Біртанов әкімдерді жас дәрігерлерді қолдауға шақырды.
Елжан Біртанов, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Әкімшіліктер қолдауы керек. Қазір 40 пайыздан астам жас маман қолдауға ие. Келер жылы оны 60 пайызға әрі қарай 80 пайызға көтеру керекпіз. Маман тапшылығын осылай шешпесе болмайды.
Г. Меңдеева