Соңғы кезде Атырауда Армения мен Ресейдің мемлекеттік нөмірін тағынып, зулаған автокөліктерден көз сүрінеді. Алайда олардың нақты санын ешкім білмейді. Шетелдік маркалы темір тұлпарларды қолайлы бағаға сатып алғандар оны тіркеуге асығар емес. Тіпті оны бақылайтын бір де бір мемлекеттік орган жоқ. Аймақтағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы бұл мәселеге зер салып көрді.
Көшелердегі мына шетелдік нөмір жапсырған көліктер Армения мен Ресейде утилизацияға кеткен. Оны арзан бағаға атыраулықтар алып келіп, тақымға басқан. Елдің қаңсығына қызығатындар аз емес екен. Тіпті көлік сатып алғысы келетіндерді апарып - әкелетін делдалдар да көбейген.
Табиғатты тамашалап, машиналы болам деген жігіттер болса Ізімбекке хабарласыңдар. Грузияға бірінші апарып көрсетеді, содан кейін Арменияға апарады.
Ізімбек сияқтылар көрші елдерден көлік тасымалын осылай қып-қызыл бизнеске айналдырып үлгерген. Өзі таксист, қазір көлік алғысы келген атыраулықтарға жолсерік болып жүр. Қызметі үшін, адам басына 60 мың теңге алады. Тур пакеттен кем емес, қағаз жұмыстары, тәркеу, жол полициясы, қонақ үй бәрін қамтиды.
Ізімбек ӘБУТАЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізде машиналар 14 млн теңге тұрады, «Тайота-центрде» - Тайотолар. Армениядан 10 мың доллар, 3 млнға аласың ғой. Ешкім қарап жатқан жоқ оған. Машина сатып жатқан кісінің үйіне учетқа отырасыз. 3 айға сосын машинаны өзіңіздің атыңызға аударып алып келесіз.
Дәл осындай жолмен Атырау көшелерінде қанша көлік жүргенін ішкі істер департаменті де білмейді. Олар жол-көлік оқиғасы бұзылған жағдайда көлік иесіне айыппұл салғанмен, автокөліктің мемлекеттік тіркеуіне назарға алмайтынын айтады. Шетелдік көлік Қазақстан аумағына енгеніне бір жылдан асқан жағдай да ғана шара қолданылады.
Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жыл басталғалы бері жол ережесін бұзған жүргізушілердің қатысты 7020 хаттама толтырылды. Оның ішінде Армениядан келген көлік жүргізушілері тарапынан да жол ережесін бұзу фактілері болып тұрады. Бірақ біз оны бөліп қарамаймыз.
Аймақтағы мемлекеттік кірістер департаменті де, кедендік Одаққа мүше елдерді бақылай алмайды.
Арман АБСИМЕТОВ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МКД, КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Көліктерді ҚР аумағына сол сиякты Ресей, Беларусь мемлекетеренің аумақтарына алып шығу тек қана сол мемлекеттердің Армения және Қырғызстан мемлекеттерде тұрақты түрде тұратын азаматтармен ғана ешқандай кедергісіз, шектеусіз жүргізіледі.
Айта кетейік, сырттан әкелген автокөліктердің кедендік баж салығы айырмасын білу үшін мемелкеттік кірістер органдарына өтініш қалдыру қажет. Кедендік рәсімдеу анықталып, айырмасы төленген соң ғана көлік тіркеуге алынады,- дейді мамандар.