Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астанамен СМС байланыс

AstanaTV
10.08.2017ж. 20:00
2152
Астанамен СМС байланыс

Енді жұртшылық елордамен СМС байланысқа шыға алады. Бүгін Астана әкімшілігі Британдық кеңеспен бірігіп, "Сәлем, Астана" атты  ерекше жобаны іске қосты. Елдегі кез келген азамат ғаламторға қосылған смартфон арқылы елордамен байланысқа шыға алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобаның басты мақсаты - Астана қонақтары мен тұрғындарын қаламен қызықты интерактивті сұхбатқа тарту.

Галина Корецкая, Британ кеңесінің өнер бағытындағы жоба жетекшісі:

Әр ғимараттың сыртында көшенің атауы мен саны ілінген. Енді осы атауы бар көшелер арқылы қаламен тікелей байланысқа шығуға болады. Ол үшін Facebook Messengerге кіріп, Salemastana2017 басасыз, сұхбатты бастау үшін "Сәлем" деп жазасыздар, сосын мекен жайдың атауын жазып, нөмірін хэштекке алу қажет. Сол кезде тұрғылықты жеріңізбен байланысқа шыға аласыздар.

Айта кетсек, Астана әлемдегі осы жобаны қосқан 8-ші қала. "Сәлем, Астана" жобасын іске асыруға арналған барлық қаражатты Британ кеңесі өз мойындарына алған.