Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Нұр Отан партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ардагерлермен кездесті

AstanaTV
01.10.2018ж. 14:00
2759
Нұр Отан партиясы Төрағасының бірінші орынбасары ардагерлермен кездесті

Бүгін халықаралық қарттар күні. Осыған орай "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев «Ардагер» орталығына барды. Орталық осыдан бір жыл бұрын партияның «Ардагерлерді ардақтайық» бағдарламасы аясында ашылған. Қазір мұнда 45 қарт аптасына 3 мәрте йогамен айналысып, денесін шынықтырады. Оған қоса, компьютерде жұмыс істеп, гаджеттерді де пайдаланып үйренеді. Шет тілдерін игеруге де мүмкіндік бар. Мәулен Әшімбаев орталық жұмысын қолдап, қарттар тарапынан қызығушылық болса, Республиканың өзге қалаларында да ашуға ниет білдірді.  

Татьяна ШКУРАПАТОВА, «АРДАГЕР» САУЫҚ-САЙРАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІ:

Шыны керек, зейнетақы аздау. Сондықтан, осындай тегін орталыққа қуана-қуана келеміз. Менің аэробика мен биге келіп жүргеніме 1 ай уақыт болды. 5 келіге арықтап, өзімді жақсы сезіне бастадым. Біздің жасымызда бұл деген керемет қой!Балаларымыз да қуанып жатыр. Сондықтан, осы іске бастама болғандарға алғысым шексіз.   

Лариса РОЩИНА, «АРДАГЕР» САУЫҚ-САЙРАН ОРТАЛЫҒЫНА КЕЛУШІ:

Бізге кішкене кеңдеу орын берсе. Әйтпесе, аз уақытта 50-ге жуық адам келіп жүр. Таныс құрбыларыма айтсам, олар да келгісі келеді. Олай болса, біз мұнда сыймай қаламыз ғой. Жалпы алғанда өте қуаныштымын, алғысым шексіз.