$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтаудағы сарбаз әлі ес-түссіз жатыр

AstanaTV
01.10.2018ж. 20:00
3413
Ақтаудағы сарбаз әлі ес-түссіз жатыр

Ақтауда жедел қызмет сарбазы әлі де ес-түссіз жатыр. Менингокок болуы мүмкін дейді дәрігерлер. Бауыржан Еркүндиевтен қауіпті дерттің алғашқы белгілері 25-қыркүйекте байқалған. Ақ халаттылардың сөзінше, сарбаз қалтырап, денесінде бөртпе пайда болғанына шағымданыпты. Әуелде өткір респираторлық вирустық жұқпа мен желшешек диагнозы қойылған. Осы аурулар бойынша ол 30-шы қыркүйекке дейін ем қабылдаған. Алайда, облыстық ауруханада сарбаздың сіңірі тартылып, шұғыл ауруханаға жатқызылады. Дәрігерлер жігіттің бірден комаға түскенін айтып отыр. Жергілікті мамандарға Астанадан реаниматолог дәрігер көмекке келді.

Болат ҚАЮПОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:  

Бұл менингокок жұқпасы. Біз жұқпаның қай түрі екенін анықтау үшін сынамаларды алдық. Оның қорытындысы жайлы сәл кейін айтамыз. Өйткені, мұндай экспресс талдаулар жоқ. Бірақ, барлық белгісі аталған ауру түріне тән. Қазіргі уақытта жағдайы өте ауыр. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Тиісті шаралар жүргізіліп жатыр.      

Гаухар БИСАРИНА, ҚР ДСМ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 

Медсанчаста ветрянка болуы мүмкін деген диагнозбен емделген. Тек, жағдайы ауырлауына орай кеше ғана Ақтау қаласының инфекциялық ауруханасына жатқызылды. Менингит әлі анықталған жоқ, сараптамалар алынды, әлі жұмыс үстінде. Жағдайы ауыр. 

Айта кетері, менингокок жұқпасы анықталған 6656 әскери бөлімінде қазір карантин жарияланды. Бұл минингитке қатысты Ақтаудағы алғашқы жағдай. Былтыр тіркелген екі оқиға бойынша қауіпті диагноз расталмады.  

А. Мұхитова