«Тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау» туралы заң жұмыс істемейді. Осылай деп дабыл қаққан Астана тұрғыны Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанованың қабылдауына келді. Айдын Егеубаев еліміздегі ескерткіштердің күтіміне көңілі толмайтынын ашық айтты.
Айдын ЕГЕУБАЕВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Бізді алаңдататын мәселе-«Тарихи және мәдени мұра ескерткіштерін қорғау» заң қабылданған. Енді сол заңнын орындалуы. Қазір мына Шіліктіден «Алтын адам» шықты. 2003-те қазылған. Бүгінгі күнге дейін әлі бір шеге қағылмады. Тарихи ескерткіш қорғау аймағы анықталған жоқ.
Депутат Гүлнар Иксанова олқылықты жоюға уәде берді. Жалпы, «Нұр Отан» партиясының республикалық қабылдау бөлмесіне шағымын айтып оннан астам тұрғын келді. Видеоконференция арқылы байланысқа шыққандар да болды. Халықты көбінесе баспана мәселесі алаңдататыны белгілі болды. Жұртшылықтың көкейіндегі мәселелерін мұқият тыңдаған Гүлнар Иксанова аталған сұрақтар қысқа мерзімде шешілетінін айтты .
Д. Сапарқызы