Қазақстан
алғашқы жартыжылдықта мұнай өндеуді 5,4 пайызға арттырды. Елдің үш мұнай өңдеу зауыты маусымға дейін 7 миллион
тоннадан артық мұнай өңдеген. Бұл
туралы Энергетика министрлігі хабарлады.
Атырау зауыты 6 айда 2,5 миллион
тонна, Павлодар мұнай-химия зауыты 2 миллион 649 мың тонна, Шымкент зауыты 1
миллион 896 мың тонна өңдеген.
Зауыттар
алғашқы жырты жылда 1,5 миллион тонна бензин өндірген. Ол 2,4 пайызға артық.
Дизель өндірісі 4,9 пайызға артып, 2 миллионнан аса тоннаға жеткен. 1,5
миллион тонна мазут өндірілген. Ол да 11,1 пайызға жоғары. Дегенмен,
әуе-керосинінің өндірісі 20,5 пайызға кеміген. Барлығы 110 мыңнан аса тонна
шығарылған.
Ол «ПетроҚазақстан Ойл
Продактс» ЖШС-нің наурыздан бері жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты
қысқарған. Дегенмен, олар екінші жартыжылдықта олқылықтың орнын толтырмақ.