Негізгі / Жаңалықтар / Қазақстан ТМД елдеріне жанармай экспорттауға мүмкіндік алды

Қазақстан ТМД елдеріне жанармай экспорттауға мүмкіндік алды

Келер жылы Қазақстаннан сыртқа шығарылатын бензин көлемі 1-1,2 миллион тоннаны құрауы мүмкін. Ал, күзден бастап Қазақстан Қырғызстанға, Өзбекстан мен Тәжікстанға 400 мың тоннаға дейін жанармай жеткізуді бастай алады. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы отандық жағармай экспортын ТМД елдеріне экспорттай алатын келісімнен кейін мүмкін болып отыр, деп хабарлайды «Интерфакс». Энергетика Министірлігінің басшысы Қанат Бозымбаевтің сөзін агенттік былай деп келтірді: бүгінде қалыптасқан профицит пен мұнай өндіруші зауыттардың жаңғыруы аясында нарықтың тауар бастылығына жол бермеу үшін Астанаға тез арада жанармайды экспорттауға кірісу қажет. Осылайша, ресми түрде сауда жасауға барлық тыйымдар алынып тасталды. Алайда, экономист Михаил Крутихин техникалық тұрғыда барлығы бұрынғы қалпында қалды деп есептейді.  

Михаил КРУТИХИН, ЭКОНОМИСТ: 

Бұл шектеулерді түпкілікті жою емес. Себебі, қол қойылған хаттамада екі елдің Энергетика министрліктері тасымалданатын тауарларды реттейді деп келтірілген. Яғни, бұл тағы да еркін нарық және еркін тауар алмасу емес, жалпы алғанда, бұл Еуразиялық экономикалық кеңістіктің әлі күнге дейін толықтай біртұтас еместігін көрсетеді. Себебі, Одақтың мүшелерінің арасында ешқандай нарықтық қатынастар жоқ және шекаралары көптеген тауарлар үшін әлі де жабық. Жалпы айтқанда, мұнда ешқандай нарық жоқ. 

Еске салсақ, Қазақстан осыған дейін Ресейден бензинді кедендік салықсыз алып отырған. Осы орайда кері экспортпен айналыспау үшін шетелге өз жанармайын шығармауды уәде еткен болатын.

Г. Меңдеева