Негізгі / Жаңалықтар / Атырауда жемқорлық қылмыстың салдары талқыланды

Атырауда жемқорлық қылмыстың салдары талқыланды

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлық қылмысы көп жағдайда, сол ведомствоның бірінші басшысының «қамқорлығымен» жүзеге асады. Бұл туралы Атырауда өткен мемлекеттік органдардағы құқық бұзушылық және жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша өткен жиында айтылды. Заңды белден басқандардың көш басында қатардағы мамандар мен бөлім басшылары тұр. Тілшіміз тақырыпты толықтырады.  

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық істердің тізімін жергілікті атқарушы органдар бастап тұр. Жемқорлыққа қарсы қызметтің дерегінше, республика бойынша барлық деңгейдегі әкімдіктерде 995 жемқорлық қылмыс анықталған. Оның 514-і сотқа жетіпті. 161 шенеунік жұмсақ креслосын темір торға алмастырған. «Бұл фактілерден аймақтағы атқамінерлер сабақ алуы тиіс. Әрбір мемлекеттік қызметші мемлекет пен халық алдындағы жауапкершілігін сезініп, заң көлемінде ғана жұмыс жасау керек». Шараны ұйымдастырған облыстық әкімдік пен жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері осылай дейді. 

Тоқтамыс ЖҰМАҒҰЛОВ, ҚР МҚІ ЖӘНЕ СЖҚІҚ АГЕНТТІГІНІҢ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ: 

Ең басты мақсат осы істерді ашылған және сотпен өткен істерге байланысты біздің әріптестерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін барлығына осы ескертілді. Ең бастысы- сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін және қылмысқа бармау үшін мемлекеттік қызметшілердің жұмысында тек қана заң көлемінде жасау талап етілді. Осыған байланысты бүгінгі шарамыз жалпы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу болып табылады.

Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, егер бұл дерттің алдын алмаса, қарамағындағы қызметкердің заңсыздығы үшін тікелей бірінші басшы жауап беретін болады. Қазір осы жазасы енгізу үшін арнайы заң жобасы әзірленіпті. Атырау облысы әкімдігі, өз қызметкерлері арасында жемқорлыққа жол бермеу мақсатында арнайы бекітілген стандарт негізінде жұмыс жасап отырмыз,- дейді.  

Марат БЕКСҰЛТАН, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Одан бөлек мемлекеттік қызмет мемлекеттік мүліктерді тиімд пайдалану, өз мақсатымен пайдалану мақсатында осы жылдың басында автокөліктерге жапсырма белгілерін белгіледік. Ол жерде сол телефон арқылы азаматтар, қала тұрғындары мемлекеттік мүліктердің, автокөліктердің тиімсіз пайдаланып тұрғанын көрген болса телефон арқылы хабарын жеткізе алады.

Құрылыс, коммуналдық қызмет, білім беру. Мамандар осы үш сала жемқорлықтың «отанына» айналған деді. Дәлелді деректер де келтірілді. Мәселен, Атырау облыстық сәулет құрылыс басқармасының басшысы мен бөлім басшысы, Мақат ауданы әкімінің орынбасарының лауазымын асыра пайдаланып, пара алуы бойынша қылмыстық істің сотқа жетуі көп шендіге ой салып тастады. Жиынның мақсаты да осы еді. 

Б. Надирқызы