$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда «Оңай» жүйесіне үйрену халыққа оңай түспеген

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
2580
Алматыда «Оңай» жүйесіне үйрену халыққа оңай түспеген

Алматыда жолақы төлеу жүйесіне дифференциалды тариф енгізілген 3 апта ішінде 250 миллион теңге пайда түскен. «Транспорт холдинг» ЖШС директоры осылай деп отыр. Бірақ жұрт 1 тамыздан бері карта таппай қиналғандарын айтады. Ал көлеңкеден шығарылған қыруар ақшадан кейін Астана да бұл тәсілді қолдана ма? Тілшіміз анықтап көрді.

«Оңай» жүйесін Алматыға толығымен енгізу оңайға түспеді. Ауыспалы тариф енгізілгелі қалада картаға тапшылық туған. Оңай жүйесімен жолақысы арзанға түсетінін естіген жұрт оны дүңгіршектерден таппай сабылған. Картаға қол жеткізе алмағандар қолма-қол ақшамен 150 теңге төлеуге мәжбүр болған.

Қымбат, өте қымбат басқаша 80 теңге нормально, карточкасы жоқтар водительге бере салады. Өте ыңғайлы. Ал мына жерде 150 теңге деген әжептәуір, өздеріңіз ойлаңыздаршы. Қазір нанға ақша таппай жүр көп адамдар. Машинада жүретіндер түсінбейтін шығар, ал мына жаяу жалпы жүретіндерге өте қиын.

Қымбат. Қалтаға қымбат қой. Қарапайым халық үшін қымбат.

Мен де Алматыға көшіп келгенмін. Бізге картанының қажеті жоқ, біз келсек, қалаға бір келіп кетеміз. Адмадарға жол жүру карталарын сатып алуға мәжбүрлеу дұрыс емес, ол қылмыстық бап болып саналады.  Өйткені мен келіп-кететін адаммын.

Халық наразылық білдіргенмен, қала бюджетінің бүйірі бұлтиды. 3 аптаның ішінде 250 миллион теңге пайда түскен. Бұрын бір аптада 25 миллион теңге түсетінін ескерсек, көлеңкедегі қомақты қаражат шығарылған. Бұған дейін жұрттың 50 пайызы қолма қол ақшамен жүргенді қаласа, қазір 80 пайызы жолақыны картамен төлеуге көшкен. 2015 жылы жүйе енгізілген кезде 1 млн 300 мың карта шығарылған. 1 тамыздан ауыспалы тариф енгізілген бір апта ішінде 200 мың данасы сатылған. Мамандар карта тапшылығы жоқ екенін айтады.

Садир Хамраев, Алматы қ.«Транспорт холдинг» ЖШС директоры:

Алматы бойынша карта сататын 1000-нан астам нүкте бар.  Көбісі метрополитен станциясында бар. Менің ойымша, ешқандай қиындықсыз, Каравандағы нүктелерден алуға болады. Сонмен қатар, «Оңай» картасын тексеретін бақылаушылардан да алуға болады.

Астана да өткен жылы электронды билеттеуге көшкен еді. Қазір Астраплат жүйесіне қаладағы 750 автобус қосылған. Бұл - 90 пайызы. Бірақ Астанада Алматыдағыдай ауыспалы тарифті енгізу жоспарда жоқ. Осылай деген "Астана ЛРТ" ЖШС өкілі оның себебін түсіндірмеді.

Асқар Атагулин,  «Астана ЛРТ»  ЖШС  баспасөз хатшысы:

Бұл мәселе көтерілген емес. Жоқ қазіргі таңда ондай сөздер болған емес. Жоспарда да жоқ.

Диана Сапарқызы, тілші:

Көлік компаниясының берген ақпарынша, осындай Астра плат жүйесін іске қосқаннан бері Астанада 33 мың карта сатылған. Оның құны - 400 теңге. Егер осы картамен 10 сапар жасағанда, 11-ші  сапарыңыз тегін болады.