$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қыркүйектен бастап ұялы телефон арқылы анықтамаларға тапсырыс беруге болады

AstanaTV
11.08.2017ж. 20:00
2994
Қыркүйектен бастап ұялы телефон арқылы анықтамаларға тапсырыс беруге болады

Бұдан былай қажетті анықтамаларға ұялы телефон арқылы тапсырыс беруге болады. "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы қыркүйектен бастап қызмет жүйені іске қоспақ. Яғни мекен-жай, жылжымайтын мүлік жөнінде құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ алуға болады. Ол үшін Egov-қа және мобильді азаматтар бірыңғай базасына тіркелу міндетті. Содан соң Колл орталыққа хабарласып, тиісті құжатқа тапсырыс беріледі. Бірыңғай байланыс орталығына күніне 14-16 мың қоңырау түседі. Онда 128 оператор жұмысқа тартылған.

Анар Ұлманова, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бірыңғай байланыс орталығының директоры:

Қанатқақты жоба сәтті іске асқан жағдайда, қызмет көрсету аясын кеңейту жолдарын ойластырамыз.

Арнайы қызмет көрсету орталықтары санын арттыру қарастырылмақ. Елде 12 орталық жұмыс істейді. Астанада көлік құжаттарын рәсімдейтін жалғыз орталық бар. Онда үнемі қалың кезек. Мемлекеттік корпорация мен ІІМ екінші орталық ашуға дайын. Тек ғимарат мәселесі шешілмей жатқан көрінеді. Қазіргі уақытта Астана-Қарағанды бағатында жаңа орталық ашу жағы пысықталып жатыр.  

Абылайхан Оспанов, «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы:

Машиналарды тіркеу, тіркеуден шешу - осы қызметтерге біз кішкентай секторды ашуға дайынбыз.