$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ресейдің Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
2471
Ресейдің Бас прокуратурасы Жомарт Ертаевты Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты

Ал, шет елде бой тасалап жүрген Жомарт Ертаевты Ресейдің Бас прокуратурасы Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты. ЭКС-банкир үй қамауынан шығып, Ресейде «босқын» мәртебесін алған. Бұл туралы «Коммерсант» газетіне Ертаевтың қорғаушысы Алексей Петров мәлімдеді. Прокуратура оған ендігі экстрадициядан бас тарту туралы шешімді таныстырып үлгерген. Қазақстанның «бұйымтайын» орындауға Мәскеу көші-қон департаментінің Ертаевқа «босқын» мәртебесін беріп қойғаны кедергі келтірген. Еске салайық, Жомарт Ертаев мамырда Мәскеуде ұсталып, үй қамаққа алынды. Қашқын Қазақстанда «Банк RBK»-дан 80 миллион доллар жымқырды деп айыпталған. 46 жасар Ертаев енді елге қайтып келмейтінін мәлімдеді. Ал, Сыртқы істер министрлігі кәсіпкер әлі де Қазақтан азаматы екенін айтады.  

Айбек СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:  

Ресейлік азаматтықты алу үшін алдымен Қазақстан азаматтығынан бас тартуы керек. Бүгінге дейін мұндай ақпарат түскен жоқ. Істі Бас прокуратура жүргізіп жатыр. Басқа ақпараттарды сол ведомстводан ала аласыздар. Сыртқы істер министрлігі тергеу ісіне араласпайды. Біз тек құқық қорғау органдарының сұранысымен құжаттарды тексереміз.

Г. Меңдеева