Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Елбасының жолдауын Қостанай облысының диқандары қолдайды

AstanaTV
08.10.2018ж. 20:00
2503
Елбасының жолдауын Қостанай облысының диқандары қолдайды

Шалғайдағы шаруалар озық технологияның тетігін меңгерсе, еселеп өнім алуға мол мүмкіндік бар. Елбасы жолдауында айтылған осы мақсат-межені Тобыл өңірінің диқандары толық орындауға мүдделі. Аталған құжатта мемлекет басшысы еңбек өнімділігін еселеуді, экспорт әлеуетін арттыруды жүктеді. Әсіресе, ауыл кәсіпкерлері тың тәсілмен шаруашылық жүргізу керектігін атап өтті. Өмірзақ Бекділдәұлы шаруашылығындағы техника паркін түгел жаңғыртып, алғашқылардың бірі болып цифрландыру жүйесін енгізген. Облыстың оңтүстік ауданында бидай егетін кәнігі диқан озық технологияның арқасында биыл мол өнім алғанын айтады. Ал, ауыл шаруашылық саласына қосымша бөлінетін қомақты қаражат жаңа серпін беріп, жаңа технология тетігін толық меңгеруге мүмкіндік берері сөзсіз дейді,-өңір диқандары.  

Өмірзақ ИХТИЛЯПОВ, ДИҚАН:  

Егінді орып болдық.10 центнерден өнім алдық. Соның бәрі мынау техниканың жаңарғандықтан. Жаңа технология кіріп жатыр. Соның бәрін біз өзіміздің көңілімізге жағымды жағдайды бүгін қуана-қуна Елбасының аузынан естідік. Ел қолдап отыр, қуанып отыр. Енді өмірімізге сенімдіміз. Осындай халыққа деген жолдауы өте түсінікті болды бүгінгі. 

Владимир ЧЕРНЕНКО, ЖШС ДИРЕКТОРЫ: 

Бүгінгі таңда біздің кәсіпорын цифрландыру базасын енгізіп жатқандардың бірі. Мәселен, замануи құралдардың көмегімен екі мың гектар алқаптың өнімділігін, есеп-қисабын шығара аламыз. Цифрландырудың арқасында әр гектардың өнімдлігі 5 центнерге артып, орташа өнімділік 25 центнерге жетті. 

З. Санай