Астаналық ардагерлер Жолдау жүктеген міндеттерді орындауға белсене атсалыспақ. Осы мақсатта «Байқоңыр» ауданында зейнеткерлерге арналған шағын орталық ашылады. Бүгін Ұлттық әскери-патриоттық орталықта Елбасы Жолдауын талқылаған ардагерлер осылай,- деді. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде аға буынның алар орны бөлек. Сондықтан, елдегі игі бастамаларды қолдап, көп жылдық тәжірибемен бөлісу борышымыз,- дейді олар.
Сәрсенбай МЫҢБАЕВ, «БАЙҚОҢЫР» АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Елбасы өз Жолдауын қорытындылағанда бізді ынтымақтыққа шақырды. Осы ынтымақтықты кім жүргізу керек? Менің ойымша, ауылда, көшеде, кварталда ақсақалдар жиналып, айналасында болып жатқан өзгерістерге көңіл бөлу керек деп ойлаймын.
А. Бектас