Ақтөбе облысының Жаңатаң ауылы тұрғындары «қолқа қабатын жағымсыз иістен уланып жатырмыз» деп дабыл қақты. Олардың айтуынша, бұл иіс ауыл іргесіне полигон салынғалы пайда болған. Мұнай қалдықтары қырдың басындағы полигонға төгіледі, кей-кездері арнайы көліктер қалдықтарды сай-салаға да төгіп кететін айтады. Бұл полигон ауыл іргесіне осыдан жеті жыл бұрын салыныпты. Содан бері, денсаулығымыз да сыр берді дейді олар.
Қуандық ҚАНАТОВ, ЖАҢАТАҢ АУЫЛЫ ТҰРҒЫНЫ:
Челоч төгіледі. Мұнай қалдығы неше түрлі. Иіс жаман. Заводтың қасынан өткенде шығады ғой иіс. Тап сондай. Халық есіктерін жауып алады. Иісі деген.
Ауыл іргесінде шынымен мұнай қалдықтары төгілгені рас болып шықты. «Жем» өзенінің құйылатын сағасында жатқан қалдықтар, өзенге де қауіпті, деп отыр. Халық мұны мал жалап қояды ма деп қорқады.
Інірбай БАЛЖІГІТОВ, ЖАҢАТПАҢ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Қоқыстарын мына жерде Жарсай деген болды бұрын база болған сол жерге үйіп тастаған. Өткенде арғы бетке төккен шламды Жазықбай көрсетіп келді. Баяғы малшының отырған құдықтарын толтырып тастаған.
Қызылбұлақ селолық округына қарайтын Жаңатаң ауылына қатысты бұл проблеманы біздің аймақтағы тілшілеріміз зерттеп көрді. Толық бейнематиралды сенбі 20:00-де «Біздің уақыттан» көре аласыздар.
Б. Рахметова