$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Ақтаудағы әскери бөлімде келісімшарт негізіндегі сарбаз асылып қалды

AstanaTV
10.10.2018ж. 20:00
3264
Ақтаудағы әскери бөлімде келісімшарт негізіндегі сарбаз асылып қалды

Ақтауда сарбаз асылып қалды. 24 жастағы Нұрлан Ерназаровтың денесін асылған күйінде жауынгер жолдастары тапқан. Оның өз-өзіне қол жұмсауына не түрткі болғанын Ішкі Істер Министрлігінің әскери-тергеу басқармасы анықтауда. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Белгілісі-сарбаз Ақтау қаласынан болған әрі бұл оның әскери бөлімдегі екінші келісімшарт негізіндегі жұмысы екен.  

Мирxат ЕРЗИН, ҚР ҚМ ӘТК 25425 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ КОМАНДИРІ:  

Кеше 25425 әскери бөлімінде өз-өзіне қол жұмсау дерегі тіркелгені рас. Келісімшарт негізіндегі сарбаз «суицид» жасады. Ол жауынгерлік дайындығы мықты сарбаз еді. Ештеңеге шағымы жоқ, жақсы жігіт болатын.

Айта кетейін, бұл жағдай елімізде бірінші рет болып тұрған жоқ. Соңғы бірнеше айда аймақтарда сарбаздардың өзін-өзі өлтіру оқиғасы көп тіркелді. Қыркүйектің 19-ы күні Қарағандыдағы Ұлттық Гвардия сарбазы өзін басынан атып тастаған еді. Ал, бір ай бұрын Степногорск қаласындағы әскери бөлімде келімшарт негізіндегі әскери қызметкер де атылып қалды.

Д. Алимкулов